Қазақстан құрамасының шабуылшысы Ғалымжан Кенжебек YouTube-тағы BorodAbata арнасына берген сұхбатында өзінің мансабындағы елеулі сәттердің бірі – Ресейдің “Краснодар” клубына өту мүмкіндігі неге жүзеге аспай қалғаны туралы толық мәлімет берді, деп хабарлайды Aladop.kz.
“Краснодар” клубына ауысуыма “Қайрат” сұраған ақша кедергі болды”
ASnews.kz сайтының мәлімдеуі бойынша, Кенжебектің айтуынша, бұған басты себеп “Қайрат” клубының трансфер үшін қойған жоғары бағасы.
Ғалымжан Кенжебек есімін “Президент кубогы” турнирінен кейін кеңінен танытқанын айтады. 2023 жылы жас футболшыға Ресейдің мықты клубтарының бірі – “Краснодар” тарапынан қызығушылық білдіріліп, қаралымға шақырту алған.
“Краснодар” клубының қаралымына барған кезде, бапкерлер штабы менің ойыныма оң баға берді. Кетіп бара жатқанда, бапкер маған: “Ойының ұнады, сені командаға аламыз. Қазір үйіңе барып, қоштасып, қайтадан “Краснодарға” келесің.” деп айтты."
Алайда, Түркиядағы қаралымнан Алматыға оралғаннан кейін жағдай күрт өзгерген. Трансферлік кезең жақындағанымен, сол кездегі Ресейлік агенті байланысқа шығуды тоқтатып, ешқандай жауап бермеген.
Трансферге кедергі болған не?
Шабуылшы бұл оқиғаның не себепті осылай аяқталғанына өзі де таңғалғанын жеткізді. Ол трансфердің сәтсіз болуының екі ықтимал себебін атады:
“Краснодар” шынымен бас тартты немесе “Қайрат” оның трансфері үшін тым қомақты ақша сұрады.
Кенжебек өз агентіне сүйеніп, екінші нұсқаның рас болуы мүмкін екенін жеткізді. Агенттің айтуынша, Алматылық клуб жас ойыншы үшін қомақты қаражат талап еткен. Бұл талап Ресейлік клубтың шешіміне әсер етіп, келісім бұзылған.
Ғалымжан Кенжебек сол кезде “Краснодардың” негізгі командасына емес, екінші командасына шақырылған екен. Бұл жағдайда, клубтың трансферге үлкен қаражат бөлуге дайын болмауы заңдылық.
Сұхбат барысында футболшы “Қайрат” академиясының деңгейін “Краснодармен” салыстырды. Ол “Қайрат” Ресейлік клубтың жұмыс әдістеріне еліктеуге тырысатынын естігенімен, инфрақұрылым жағынан айырмашылық барын айтты.
“Мен “Краснодардың” академиясында болған жоқпын, бірақ олардың алаңдары мен жаттығу базасының керемет екені анық. “Краснодардың” академиясы бұл жағынан мықты деп ойлаймын.” – деді Кенжебек.
Бұл жағдай қазақ футболындағы жиі кездесетін мәселенің бірі – жас таланттардың шетелдік клубтарға ауысуына отандық клубтардың қоятын қаржылық кедергілерінің бар екенін көрсетіп отыр.
Біздің серіктес: FONBET