Жарнама
Жарнама

«Қайрат» «Интерге» төтеп бере ала ма? Сенсация болуы мүмкін бе? Сарапшылар өз болжамын айтты

04.11.2025, 15:07

Ресейлік «Спорт-Экспресс» порталы ЧЛ жалпы кезеңінің 4-турында болатын «Интер» - «Қайрат» кездесуіне байланысты болжамын берді.

"Қайрат" ФК футболшылары
Жарнама
Жарнама

Аталған бәсеке ертең түн ауған шақта болады.

«ЧЛ жалпы кезеңінің басында сары-қаралар екі рет ойсырай ұтылып, тіпті «Пафосқа» қарсы өз алаңында болған кездесуде де түк бітіре алған жоқ. Ал ол ойында «Қайрат» бүкіл матч бойы сан басымдығымен ойнады деуге болады. Қазақстанның су жаңа чемпиондарын миландықтар да аяйын деп тұрған жоқ: осы маусымда Кивудің командасы ірі есеппен төрт кездесуде жеңіске жетті. Олардың тең жартысында 4 немесе одан да көп гол айырмасымен ұтқан болатын», - делінген порталдың болжамында.   

«Қайрат» ЧЛ жалпы кезеңінде 3 турдан кейін бір ұпаймен 34-орынға жайғасуда. Алматылық клуб кипрлік «Пафоспен» ұпай бөлісіп (0:0), «Спортинг» пен «Реалдан» оңбай ұтылды (1:4, 0:5). 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров