Жарнама
Жарнама

«Қайрат» - «Қайсар» ойынына болжам

19.07.2025, 11:50

«Қайрат» Чемпиондар Лигасындағы табысты ойыннан кейін премьер-лигадағы жағдайын реттеуді көздейді.

«Атырау» - «Қайрат» кездесуі
Жарнама
Жарнама

Алматылық клуб үшін ендігіде ҚПЛ-дің әрбір ойыны маңызды, ал ұпайы ауадай қажет. Себебі, «Астана» алда келеді. Бірақ, алматылықтардың ойналмаған екі кездесуі бар. Десе де, елордалық клуб бастаған тікелей бәсекелестермен таласта сүрінуге жол жоқ. «Қайраттың» бүгінгі қарсыласымен статистикасы аса керемет емес - алматылық клуб «Қайсармен» өткізген соңғы 5 матчтың төртеуінде жеңіске жете алмаған. Жалпы, «дала қасқырларының» қақпасынан саңылау табудың өзі оңай болмай тұр: «Қайрат» бес бәсекені голсыз аяқтаған. Бүгінгі ойын дәстүрді бұза ма? 

«Қайсар» алматылық клубқа өте ыңғайсыз қарсылас. Командалар бірінші айналымда тең тарқасқан 0:0. Бірақ, Виктор Кумыковтың шәкірттері соңғы кезде тұрақсыз ойынымен есте қалуда. Өткенде «Оқжетпестен» оңбай ұтылып қалды 2:4. Ал оның алдында «Елімайдан» есе жіберген 1:2. Соңғы бес кездесуде 3 ұпай еншілеп, қазір турнирлік кестеде 13 ұпаймен он екінші орынға жайғасқан. Бүгін жеңіске жетсе, бірнеше сатыға көтерілуі ықтимал. 

Матчтың жалпы тоталы 3-тен кем болады деп болжаймыз. 1.68 коэффициент береді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров