Алматының "Қайрат" клубы мен Беларусь құрамасының капитаны Александр Мартынович 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңіндегі Грекияға қарсы ойында жарақат алып, алаңнан кетуге мәжбүр болды.
Ойынның 54-минутында шабуылшы Христос Цолис шынтағымен Мартыновичтің бетіне тиіп, футболшының тісін сындырып жіберді. Дәрігерлердің көмегінен кейін қорғаушы ойынға қайта орала алмады.
Беларуь құрамасы Гректерден 1:5 есебімен ойсырай ұтылып іріктеу кезеңін сәтсіз бастады. Келесі кездесуін олар 8 қыркүйекте Шотландияға қарсы өткізеді.
Біздің серіктес: FONBET