Жарнама
Жарнама

“Қайрат” қарсыласы Германия чемпионын қатарларына қосты

02.09.2025, 09:00

Лондондық "Арсенал" Эквадорлық қорғаушы Пьеро Инкапьемен қатарын толықтырды. Клуб "Байер Леверкузеннен" ойыншыны бір маусымға жалға алып, кейін сатып алу құқығымен келісімшарт жасады. Егер бұл нұсқа іске асса, ағылшындар 23 жастағы қорғаушы үшін 45 миллион фунт төлеп, оған 5 жылдық келісімшарт ұсынады.

Жарнама
Жарнама

Инкапье 2021 жылдан бері "Байер” сапында 100-ден астам матч өткізіп, 2023/24 жылғы маусымда Бундеслига чемпионы атанған. Ол көбіне үштік қорғаныстың сол қапталында ойнағанымен, сол жақ қорғаушы және тіпті қанаттағы қорғаушы ретінде де қолданылды. Өткен маусымда 674 минут сол жақ қанат қорғаушысы ретінде алаңға шықты.

"Арсенал" спорт директоры Андреа Берта ойыншы туралы:

"Жасы небәрі 23-те болса да, Пьероның Бундеслигада да, халықаралық аренада да айтарлықтай тәжірибесі бар. Ол ақылды әрі жан-жақты қорғаушы. Соңғы жылдары клубта да, ұлттық құрамада да тұрақты түрде жоғары деңгейде ойнады. Биыл ол әрі қарай дамып, біз үшін маңызды ойыншыға айналатынына сенімдіміз." – деді.

Микель Артета да трансферге жоғары баға берді:

"Пьеро физикалық тұрғыдан өте мықты ойыншы. Оның жан-жақтылығы мен тактикалық икемділігі бізге қосымша қорғаныс нұсқаларын береді. Жас болса да, бойында тәжірибе мен сабыр бар. Ол біздің құрамды күшейтіп, бәсекелестікті арттырады.” – деді бас бапкер.

"Арсеналдың" қорғаныстағы басты сұранысы сол қапталдағы орталық қорғаушы еді. Себебі, Якуб  Кивиор "Портуға" сатылып кеткен соң бұл позицияда бос орын қалды. Риккардо Калафиори көбіне сол жақ қорғаушы ретіндегі міндетін атқарып жүргендіктен, Инкапье дәл осы аймақты күшейтпек. Сонымен қатар, ол қажет болса, артқа шегініп қосымша қорғаушыға айнала алады немесе қанат арқылы шабуылға қосыла алады.

Инкапьенің статистикасы да назар аударарлық, ол өткен маусымда Бундеслигада берілген пастар саны бойынша үздік 10 ойыншының қатарына енген. Бұл оның тек қорғаныста емес, ойын құруда да маңызды рөл атқара алатынын көрсетеді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров