Жарнама
Жарнама

“Қайрат” қарсыласы ішкі чемпионатта күтпеген нәтиже тіркеді

“Брюгге” ұжымы Бельгия Про Лигасының 7-турында “Ла Лувьер” клубынан жеңілді. 

Жарнама
Жарнама

"Стад ди Тиволи" стадионында өткен кездесуде жалғыз гол тіркелді. Оны алаң иелері сапынан Файе соқты. Қорытынды есеп: 1:0 “Ла Лувьер” пайдасына.

Айта кетейік, бұл кездесуде жарақаттарына байланысты “Брюгге” сапынан Роберто Сейс пен Ромео Верман қатыспады. 

“Брюгге” қаласының ұжымы Жюпилер Про Лигасының 6 турында 10 ұпай жинап, турнир кестесінде 4 орында қалды. Ал оның қарсыласы “Ла Лувьер” 7 ұпаймен 13 орында тұрақтады. Келесі кездесуін бельгиялық ұжым Чемпиондар Лигасы аясында “Монакоға” қарсы өткізбек. 

Еске салсақ, “Брюгге” келесі жылдың қаңтар айында “Қайратта” қонақта болады. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: