Жарнама
Жарнама

“Қайрат” қарсыласы өз біріншілігінде тең ойнады

КуПС командасы Финляндия чемпионатының 17-турында ВПС командасымен кездесті.

Жарнама
Жарнама

“Лемонсофт” стадионында өткен ойында алаң иелері ВПС жақсы ойнады. Вааса қаласының ұжымы статистикалық деректер бойынша барлық тұрғыдан КуПС клубынан басым түсті. Дегенмен таблодағы есеп бір ұжымның бір төбе жоғары болғанына қарамастан тең болды (1:1).

ВПС 1:1 КуПС

Голдар: Туре 80’, Даосси 89’

Қызыл қағаз: Самули Мьетиннен

Осы ойыннан кейін КуПС ұжым ішкі чемпионаттың турнир кестесінде 3 орында қала берді. Ал ВПС ұжымы болса, 1 ұпайдың арқасында элитада қалу аймағына жақындады. 

Еске салайық, КуПС командасы “Қайраттың” Чемпиондар Лигасындағы қарсыласы. Аталған ұжымдар 22 шілде күні бір-біріне қарсы алғашқы ойынын өткізеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: