Жарнама
Жарнама

"Қайрат" қашанғы төртінші орын ала береді?

26.02.2024, 15:32

«ҚАЙРАТ»

Алматының "Қайраты" биыл ҚПЛ-дегі мықтылармен тіресе алады ма? Басталғалы тұрған жаңа маусым алдында алматылық ұжым туралы аз-кем ойымызды ортаға салдық.   

Жарнама
Жарнама

2020 жылғы чемпиондықтан кейін «Қайраттың» жағдайы аса мәз болмай тұр. Қазақстанның ең танымал командасы осы төрт жылдың ішінде тек бірақ рет (2021 де ғана 3 орын) үштікке іліне алыпты. Соңғы екі маусымды төртінші орынмен аяқтаған алматылықтардың биылғы ахуалы қалай болмақ?! Кирилл Кекер команданың мүмкіндіктерін жақсы біледі. Қазақстандық маманның «Қайратта» жүргеніне бүгін бірінші күн ғана емес.

Былтырғы құрамның негізгі футболшылары да қатарда. Көп ешкім кете қойған жоқ. Сұрмерген Артур Шушеначев, орталық қорғаушы Маки Баньяк пен Сергей Кейлер сияқты бірді екілі позициялардағы өзгерістер демесек, ауыз толтырып айтарлықтай ауыс-түйіс болмады. Ал командаға келіп қосылғандардың арасында біраз футболшы бар. «Ақтөбеде» ашылған бразилиялық шабуылшы Элдер Сантана отандасы Жуан Паулумен жақсы жұп құрауы тиіс. Бразилиялық тандем биыл ҚПЛ қорғаушыларын біраз әуреге салатын шығар. Грузия чемпионатында үздік шабуылшының бірі атанған Георгий Зария да алматылық клубтың алдыңғы шебін күшейтуі керек. «Қайраттың» қорғанысы да тәп-тәуір. Израильдік қорғаушы Офри Арад кеткен жоқ.

Түркияның «Самсунспорымен» таласқан Өзбекстандық қорғаушы Ибрагимхалил Юлдошевті де сәтті трансфер деуге болады. Соңғы екі маусымда ресейдің «Пари НН» командасының негізгі қорғаушысының сол қанатты толық жабатын қауқары бар. Алматылық клуб «Тараз» бен «Ақтөбеде» доп теуіп ҚПЛ-де әбден ысылған Лука Гадраниді де тегін алып отырған жоқ. Маки Баньяктың орнын басады деген грузиялықтың биылғы «Қайратты» күшейтетін шамасы жоқ емес. Сонымен, алматылық клуб ел біріншілігінің маусымашар матчында «Қызыл-Жармен» ойнайды. Ал команданың мүмкіндігі мен жаңа алған футболшыларының деңгейі туралы әңгімеге шамамен 6-7 турдан кейін қайтып ораламыз.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: