Танымал бапкер Асқар Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына берген сұхбатында «Қайрат» клубының ЧЛ 7-турындағы «Брюггемен» болатын матчтағы мүмкіндігін бағалап, болжамын айтты.
Белгілі бапкердің пікірінше, алматылық клуб бүгін кемінде тең ойнайтын мүмкіндікке ие.
«Қайраттың» басты мәселесі – 1 айдан аса ресми ойындар ойнамағаны. Оқу-жаттығу жиындарындағы матчтарды мұндай кездесулермен салыстыруға болмайды. Соңғы бәсекесінен кейін 3 аптаға демалысқа шықты. Одан кейін «Брюггенің» алдындағы 12 күндік ОЖЖ кезінде футболшыларын қалыпқа келтіре алды ма, жоқ па, белгісіз... Ал енді плюстеріне келсек – жасанды газонда ойнайды. Бельгияда екі клубта сондай төсеніш бар екен, «Брюгге» соның екеуіне барып, ұтылған. Астананың алаңына бейімделуде бельгиялықтарда қиындықтар болуы кәдік. Тағы бір мәселе, «Брюггенің» қазіргі психологиялық жағдайы – өз чемпионатындағы соңғы екі матчта ұтылып қалған. Сондықтан, «Қайраттың» кемінде тең ойнайтын мүмкіндігі бар деп ойлаймын», - деді А. Қожабергенов.
«Қайрат» - «Брюгге» кездесуі бүгін 20:30-да басталады.
Біздің серіктес: FONBET