Жарнама
Жарнама

“Қайрат” клубы Александр Заруцкий туралы қауесеттерге жауап берді

31.10.2025, 12:00

Қайрат Боранбаев пен қақпашы Заруцкий жалған ақпаратты жоққа шығарды.

Жарнама
Жарнама

Соңғы күндері кейбір ақпарат көздері Алматылық “Қайраттың” қақпашысы Александр Заруцкиймен келісімшарт тоқтатылуы мүмкін деген сыбыстар тарата бастаған еді. Алайда бұл ақпарат шындыққа жанаспайтыны белгілі болды.

Бұған дейін инсайдер Эльдар Аманбаев Заруцкий жарақаттан кейін негізгі құрамдағы орнын жоғалтқаны үшін “Қайрат” онымен келісімшартты ұзартпау туралы ойластырып жатқанын хабарлаған болатын.

Алайда бұл дерекке жауап ретінде “Қайрат” төрағасы Кайрат Боранбаев және қақпашының өзі ашық түрде мәлімдеме жасап, қауесетті толықтай жоққа шығарды.

Боранбаевтың сөзіне қарағанда, клубта ешқандай келісімшарт бұзу мәселесі талқыланып жатқан жоқ:

“Бұл — жалған ақпарат. Сенбеңіздер! Александр командамен бірге Чемпиондар лигасы матчтарына дайындалып жатыр. Ешкім оның келісімшартын бұзу туралы әңгіме қозғаған жоқ. Мұның бәрі ойдан шығарылған өсек.” — деді ол.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров