Қазақстан намысын еурододада қорғап жатқан “Қайрат” ұжымының гол+пас жүйесі бойынша үздіктері кім?
Чемпиондар Лигасында бақ сынасып жатқан “Қайрат” клубының дарабоздары:
1.Дастан Сәтпаев - 4 ұпай (3 гол, 1 голдық пас);
2.Жоржиньо - 4 ұпай (2 гол, 2 голдық пас);
3. Луиш Мата - 2 ұпай (2 голдық пас);
4.Александр Мрынский - 1 ұпай (1 гол);
5.Еркін Тапалов - 1 ұпай (1 голдық пас)
6. Валерий Громыко - 1 ұпай (1 гол);
Айта кетейік, “Қайрат” командасы Чемпиондар Лигасының 1 іріктеуінен бастап плей-офф кездесуіне дейін кедергісіз жеткен жалғыз команда саналады. Рафаэль Уразбахтин шәкірттері еуродада аясында “Олимпия” Любляна 3:1, КуПС 3:2 және “Слован” Братиславаны 1:1 (пен, 3:4) есебімен жеңді.
Бүгін қазақстандық команда Чемпиондар Лигасының плей-офф кездесуінде шотландиялық “Селтикті” өз алаңында ұтып көрмек ниетте. Аталған матч 21-нен 22-сіне қараған түні елорда уақытымен сағат 00:00-де басталады.
Біздің серіктес: FONBET