Жарнама
Жарнама

“Қайрат” командасы бразилиялық шабуылшысымен қоштаспақ

Рикардиньо жыл соңында "Виктория" Пльзенге қайтып оралады.

Жарнама
Жарнама

24 жастағы шабуылшы осы жылдың жаз айында чехиялық “Виктория” Пльзеньннен “Қайратқа” жалға келіп еді. Содан бері Рикардиньо алматылықтар сапында 21 матч өткізіп, 3 гол мен 2 голдық пас берді.  

Трансфермаркет порталы шабуылшыны жыл соңында өзі тиесілі командаға қайтып оралатынын көрсетуде. “Қайрат” командасы да бразилиялықтың жалға алу мерзімін ұзартуға асығар емес. 

Жалпы Рикардиньоны 2024 жылы “Виктория” “Грэмиодан” 1,20 млн-ға сатып алды. Чехиялық ұжым жас ойыншыны жыл сайын басқа командаларға жалға беріп келеді. Мәселен, “Қайратқа” дейін Рикардиньо “Маккаби” Хайфада ойнап қайтты. 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: