Алматы ұжымы еурокубоктің кезекті ойынында “Брюггеден” басым түсе алмады.
“Астана Аренада” болған кездесуде қазақстандық ұжым үшін ештеңе шешілмейтіні анық еді. Бірақ өз алаңындағы ойын болғандықтан, отандық футбол фанаттары “Қайраттан” қауқар көрсетер ойын күтті. Алайда бельгиядан келген қонақтар Александр Станкович, Ханс Ванакен, Верман, Брендон Мехелелердің көмегімен Темірлан Анарбеков қақпасына 4 голдық нәтиже тіркеді. Матчтың соңына қарай, “Қайрат” соңғы шабуылдарын ұйымдастырып жүріп, Әділет Садыбеков көмегімен престижді гол соқты. Айтпақшы, бұл нәтижелі әрекет жас қорғаушының еурокубоктегі алғашқы көрсеткіші болып есептелінді.
Айта кетейік, бүгінгі ойынға Дастан Сәтпаев, Олжас Байбек, Азамат Тұяқбаев жарақаттарына байланысты қатыса алмады. Ал командаға жаңадан келген ойыншыларды тіркеу “Қайратқа” еурокубоктің осы кезеңдерінде мүмкін болмай тұр. Сол себептен де, кей позицияларда команда ойыны ақсап тұрғаны анық көрінді.
Біздің серіктес: FONBET