Кеше ғана “Селтикті” ұтып, Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне шыққан “Қайрат” командасы қарсыластарын Алматыда қабылдай береді.
Қазақстан чемпионы еурокубоктің басты додасының негізгі кезеңіндегі өз алаң кездесулерін Орталық стадионда өткізе алатын мүмкіндігі бар. Жалпы Чемпиондар Лигасы аясында “Қайрат” 4 рет сырт алаңда және 4 рет елімізде матч қабылдайды.
Чемпиондар Лигасының негізгі кезең ойындарын өткізу үшін қатысушы командаларға УЕФА-ның 4 категориялы стадионы қажет. Ал алматылықтар бұндай мәселеге бас қатырмайды.
Айта кетейік, “Қайрат” стадионы 4 категориялы стадион дәрежесін 2017 жылғы арнайы делегаттардың тексерісінен кейін алған болатын. Бұндай спорттық нысаны бар команда кәрі құрлық турнирінің жартылай финалдық бәсекелеріне дейінгі ойындарды еш қиындықсыз қабылдай алады.
Еске салсақ, Чемпиондар Лигасының ортақ кезеңінде өнер көрсететін клубтар өз алаңындағы ойындарын өткізу үшін бір ғана стадионды бекітуі қажет.
Біздің серіктес: FONBET