“Интерге” қарсы гол соққан Офри Арад “Копенгагенге” қарсы ойыннан шет қалады.
27 жастағы тіреуіш жартылай қорғаушы Чемпиондар Лигасының 4-турында алған жарақаты кесірінен биылғы маусымды аяқтап отыр. Оның орнына бүгінгі матчта Дамир Қасаболат алаңға шығады деп күтілуде.
Осы маусымда Израиль құрамасының футболшысы "Қайрат" сапында 35 матч өткізіп, 1 гол мен 4 голдық пас берді.
Айтпақшы, “Паркенде” болатын 5-тур ойынында Дастан Сәтпаев пен Жоржиньоға абай болып ойнағаны жөн. Себебі, қос шабуылшы да 2 сары қағаз бар. Егерде бүгңн тағы да ереже бұзып, төрешіден ескерту алса, онда олар келесі “Олимпиакоспен” болатын матчтқа қатыспайды. Ал Жоржиньо мен Сәтпаев “Қайрат” шабуылының көшбасшылары.
Біздің серіктес: FONBET