Команданың бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Александр Заруцкидің қазіргі жағдайына тоқталып өтті.
Еске салайық, сары-қаралардың негізгі қақпашысы “Селтикпен” болған бірінші ойында жарақат алып қалған болатын. Одан кейін, Заруцкидің орнын Темірлан Анарбеков басты. Алайда олда ішкі чемпионаттың "Ақтөбеге" қарсы матчында қатардан шығып қалды. Сол себептен “Қайрат” командасының бапкерлік штабы Чемпиондар Лигасының қос кездесуіне Шерхан Қалмырзаны қақпаға қойды. Аталған ойыншы “Спортинг” пен “Реалмен” болған матчтарда 9 гол жіберді.
"Қайрат" ФК бас бапкері Рафаэль Уразбахтин:
Александрды “Қайрат” жейдесінде Чемпиондар Лигасы матчында өнер көрсеткенін барша қазақ жанкүйерлері тосып отыр. Алдағы уақытта ұлттық құрама қақпашысы Алматы ұжымының “Интерге” қарсы қараша айындағы кездесуіне дайын болып қалуы мүмкін. Оған мүмкіндігі болмады дегеннің өзінде, жалпы кезеңде тағы команданың 4 білдей ойыны бар. “Қайраттың” іріктеуден үздіктер қатарына кіруіне жағдай жасап берген Александр Заруцкийдің еурокубоктің басты додасында ойнауына әбден құқығы бар.
Біздің серіктес: FONBET