Кешегі “Реалмен” болған кездесуге 5 мың жанкүйер кіре алмай дал болыпты.
Корольдік команда Алматыға ат басын бұрады деген сәттен бастап, оңтүстік астанамызда қонақтарды күтіп алу бойынша қызу дайындық басталды. Қала көшлерінде қауіпсіздік қызметін қамтамасыз ету үшін 2,5 полицей жұмысқа тартылды. Одан басқа, матч барысында қарбалыстың алдын-алу үшін арнайы турникет қондырғылары орнатылды. Чемпиондар Лигасының арнайы жарнама баннерлері де келіп, стадион көркін келтірді. Барлығы жақсы! Алайда…
Бұрын-сонды бұндай ғаламат деңгейдегі матчтарды ұйымдастырмаған клуб тарапы жанкүйерлердің наразылығына тап болды. Сайттан өз кезегін күтіп, билетке қол жеткізген адамдардың өзі матчқа кіре алмай сенделіпті. Ең сорақысы, стадион маңайында жүрген алып-сатарлардан қолма-қол билет алған 5 мың адамның обалы кімге қалды? Бас пайдасын көксеген билет сатқыштар бір жапырақ қағазды бірнеше адамға қайтара сатқан. Ойында арам ойы жоқ фанаттар тексеріске келгенде, билетінің жарамсыз екенін түсінген. Алып сатарлардан билет алғандардың барлығының жағдайы жақсы деуге келмес. Бірі астындағы көлігін айырбастаса, енді бірі матчқа кіру үшін несие де алған. Осындай тәуекелге барып тұрып, алып сатарлардың құрбаны болған азаматтардың жай күйін үлестетудің өзі қорқынышты.
Бірақ бұл да “Қайрат” командасы үшін үлкен сабақ болды. Алматылық команда келер өз алаңындағы ойындарына барынша мұқияттылықпен қарап, бұндай у-шудың болмауын қадағалайды деп білеміз.
Біздің серіктес: FONBET