“Қайрат” командасының қорғаушысы өз құрамасының жеңіске жетуіне көмектесті

Өзбекстан құрамасы Азия Кубогынде Вьетнам құрамасын 3:0 есебімен жеңді.

Өзбекстан U-23 3:0 Вьетнам U-23

Голдар: Алишер Одилов 4, 40, Русланбек Жиянов 36

“Қайрат” қорғаушысы Ибрахимхалил Юлдошев аталған ойынды бастапқы құрамда бастап, толық өткізді.

Осы жеңісті кездесуден кейін өзбек ойыншылары топтан бірінші орын алып, 1/4 финалға жолдама алды. Құраманың аталған кезеңдегі қарсыласы да белгілі. Ол - Сауд Арабия ұжымы.