Алматылық "Қайраттың" және Қазақстан ұлттық құрамасының қорғаушысы Еркін Тапалов клубпен келісімшартын тағы бір жылға созды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Ойыншының Legalbet.kz сайтына берген сұхбатында айтуынша, енді оның “Сары-Қаралармен” келісімі 2026 жылдың соңына дейін жарамды.
Бұған дейін Тапаловтың "Қайратпен” қолданыстағы келісімі 2025 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады деп көрсетілген болатын. Алайда, тараптар ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылдап, мерзімді тағы бір маусымға ұзартып отыр.
Тәжірибелі қорғаушы Алматы клубына 2025 жылдың басында Қостанайлық "Тобылдан" еркін агент ретінде ауысып келген болатын.
Ол Қазақстан Премьер лигасының биылғы маусымында 17 матчқа қатысып, 1 гол соқты және 2 нәтижелі пас берді.
32 жастағы футболшы Қазақстан ұлттық құрамасының сапында 20 кездесу өткізген.
Біздің серіктес: FONBET