Жарнама
Жарнама

“Қайрат” қорғаушысы Алматыдағы өмірі мен клубтағы жағдайы туралы айтты

10.09.2025, 15:15

Алматылық “Қайраттың” Португалиялық қорғаушысы Луиш Мата Sports.kz-ке берген сұхбатында Қазақстандағы алты айлық өміріне, клубтағы инфрақұрылымға және бейімделу барысына тоқталды.
 

Жарнама
Жарнама

Футболшының айтуынша, Алматыға келгеннен кейін ол ойлағаннан әлдеқайда тез үйреніскен:

“Мен мұнда шамамен алты ай болдым және елге де, қалаға да жақсы бейімделдім. Көптеген Испан журналистері Алматы туралы сұрап жатады, себебі оларға “Реал” келгенде не күтіп тұрғаны қызық. Шындықты айтсам, Алматы өмір сүру деңгейі жағынан ірі Еуропалық қалаларға ұқсайды.“ — деді Мата.

Ол сондай-ақ “Қайраттағы” жағдайды Еуропамен салыстырды:

“Мен “Порту” академиясынан өттім, сондықтан инфрақұрылымды салыстыра аламын. Айырмашылық жоқ, кей тұстарда тіпті Алматыдағы жағдай жақсырақ. Бізде барлық жағдай жасалған. Сапалы алаңдар, ойыншыларға арналған қонақүй, қалпына келу орталықтары, бассейн, сауна, заманауи жаттығу залы. Президент соңғы жылдары үлкен инвестиция құйды. Сол себепті біз ештеңеден тарықпаймыз. Бірақ басқа Қазақстандық клубтарда жағдай мүлде бөлек.” — деді қорғаушы.

Футболшының жалғыз қиналатын тұсы – ұлттық асханаға деген сағыныш.

“Маған ең қиыны Португал асханасы. Алматыда күріш, ет, макарон сияқты негізгі тағамдарды жеуге болады, бірақ нағыз Португал тағамдары қатты жетіспейді. Әйелім де Бразилиядан болғандықтан, ол да осындай сезімде. Португалияға барғанда, міндетті түрде bacalhau com natas (треска балығы мен картоптан жасалған дәстүрлі тағам) жеп, жақсы кофе ішемін», — деп сөзін аяқтады Мата.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров