Жарнама
Жарнама

Қайрат көз тіккен Артем Дзюбаның арманы орындалды!

Ресей Премьер лигасының үздік сұрмергені Артем Дзюба өз елінің құрамасына шақырту алды. Бас бапкер Валерий Карпин 36 жастағы ардагер шабуылшыға мүмкіндік беруді жөн көріпті

Жарнама
Жарнама

Төрт жылдан бері Ресей құрамасының сапына алынбаған алып денелі Дзюбаның бас команданың жейдесін тағы бір мәрте кию арманы еді. Оған себеп те жоқ емес. Артем енді бір гол соқса Ресей құрамасының тарихында ең үздік сұрмерген атанады. Ол тағы бір даңқты форвард Александр Кержаковпен қатар 30 гол соғып, әзірге бұл атақты екеуара бөлісіп тұр. Енді жеке дара көшбастауы үшін Гренада құрамасына қарсы бір гол тоғытса жеткілікті. Карпин де соны біліп шақырған болу керек.

Соңғы рет Дзюба ұлттық құрама сапында 2021 жылы Данияға қарсы матчта алаңға шығып, мергендігімен көзге түскен. Бірақ, Ресей скандинавтарға 4-1 есебімен есе жіберді.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: