Жарнама
Жарнама

“Қайрат” Лондонда – “Арсеналға” қарсы ойынның билеттері сатылымға шықты

15.01.2026, 22:53

Алматылық "Қайраттың" Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі қорытынды матчқа билеттер сатылымы басталғанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

Қазақстандық жанкүйерлер үшін бұл – әлемдік деңгейдегі зәулім стадиондардың бірінде өз командасын қолдауға берілген бірегей мүмкіндік.

Матч қашан және қайда өтеді?

Турнирдің соңғы турында “Cары-Қаралар” Англияның үздік клубтарының бірі – Лондондық "Арсеналмен” кездеседі. Ойын Ағылшын астанасындағы сыйымдылығы 60 мыңнан асатын атақты "Эмирейтс” стадионында өтеді.

• Күні: 28 қаңтар (29-ына қараған түні)

• Уақыты: Астана уақытымен сағат 01:00

• Стадион: "Эмирейтс", Лондон

Жанкүйерлер үшін құны қанша?

Клубтың хабарлауынша, қонақтарға арналған секторға билет бағасы бекітілді. Лондондағы стадионның атмосферасын сезініп, "Қайратты” трибунадан қолдағысы келетін жанкүйерлер үшін бір билеттің құны 36 000 теңгені құрайды.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров