Жарнама
Жарнама

Қайрат Нұрдәулетов: ары қарай да жақсы болады деп үміттенеміз

07.07.2025, 10:43

«Оқжетпес» кеше Шымкентте жаңа бас бапкер Қайрат Нұрдәулетовтің басшылығымен «Қайсардан» басым түсті 4:2.

«Оқжетпес» футболшылары голдарын тойлауда
Жарнама
Жарнама

Отандық маманмен кішігірім сұқбат құрып, көкшетаулық клубтың болашағына қатысты әңгімелестік. 

- Қайрат, Жұмабекұлы, жеңіс құтты болсын!   

- Рахмет, кеше жақсы ойын болды деп ойлаймын. Күн райы ойынның ырғағына кішкене кесірін тигізді. Ыстық болды. 

- Матчтың алдында біраз жағымсыз сыбыстар жүрді, ойынды «сливать» еткелі жатыр, команданың атмосферасы бұзылған» дегендей әңгімелерді естіп қалдық. Бірақ, жігіттердің ойынына қарасақ олай емес сияқты... 

- Атмосфера жақсы! Енді менің байқауымша, жақсы қабылдаған сияқты. Уақыт керек, футболшылар бізге үйренуі керек, біз де оларды тануымыз керек. Жеке өз басым бірдеңеге көңілі толмай ренжіп, жаман мінез көрсеткен футболшыны көргем жоқ. Команданың өзінде де бәрі жақсы. Бізге дейінгі бапкерлердің де жұмысын айта кету керек - балалардың физикалық тұрығыдағы жақсы дайындығы, тактика жағынан барлығын дұрыс орындап жатқаны, мұның барлығы Андрей Ферапонтовтың жұмысы. Оны жоққа шығаруға болмайды. Балаларға кешегі ойынға рахмет! Жақсы бәрі, атмосфера да жаман емес! 

- Түсінікті, командаға енді келіп жатырсыз, дегенмен бір моменттерді түртіп алғаныңыз анық. Футболшылардың дайындығы қалай екен? 

- Жігіттердің барлығы бабында, көздері тура жанып тұр. «Ары қарай тағы да қоссақ екен, өссек екен» деп тұрғаны байқалады. Сондықтан, біздің мақсат команданың жігерін жанып, жігіттерге өсуге көмектесіп жіберу. Қолдан келгенше соған жұмыс істейміз. Біздің мойнымызда үлкен жауапкершілік - Көкшетау облысының әкімдігі, клуб басшылығы зор сенім артуда. Кеше ойын соңында спорт басқармасынан бастап барлығы хабарласып, құттықтап жатыр. Жауапкершілік көп, жұмыс та аз емес. Осы бетімізден, жігерімізден таймасақ, бәрі дұрыс болады деп ойлаймын. 

- «Оқжетпестің» ендігі ойыны қалай болады? Қандай жоспарлар, өзгерістер күтейік? 

- Маған кішігірім вертикальді футбол ұнайды. Дамир, Әлияр, Жұмат сияқты жігіттердің жақсы қасиеттері бар. Жылдам футболшылар, алдыңғы шепте жақсы ашыла біледі. Осындай футболды жақсы көремін. Енді сондай жылдам ойын, вертикальді футбол қоюға тырысамыз. Әрбір жүйеде «золотая серединасы» дейді ғой, сондай бір ортасы болады өзінің. Соны  тауып, жұмыс істеуіміз керек. Енді вертикальді футбол қою үшін көп күш қажет. Сәті түссе, сондай жылдам футбол көрсетсек деген жоспар бар. Енді оны Алла Тағала біледі, қолдан келе ме, келмей ме, бірақ жұмыс істейміз. Ары қарай да жақсы болады деп үміттенеміз.

- Сәттілік, Қайрат Жұмабекұлы! 

Рахмет! 

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров