«Оқжетпестің» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов көкшетаулық клубтың ішкі атмосферасы мен мақсат-міндеттері жайлы айтты.
- Алдымызға қойған мақсатымыз айқын, соны ұстанамыз. Біздің қазіргі міндет – ештеңені құртып алмау. Балалар да жақсы, команда да жақсы келе жатты. Бастысы, ішкі атмосфераны, футболшылардың ойынға деген құштарлығын құртып алмайықшы деген ой болған. Қазақ балаларына қолымыздан келгенше көмектессек дейміз. Бапкерлік құрамның да өз талаптары бар, соны балаларға жеткізуге тырыстық. «Айтылғанның барлығы жай әңгіме болып қалмасын, соңына дейін күресейік, жоғары орындарға таласайық» дедік. Еңбектің барлығы балалардікі, сол үшін оларға айттық «еңбектерің зая кетпесін, соңына дейін күресейік қолдан келгенше. Сендер бізге, ал біз сендерге көмектесейік деп» өзара келістік. Сондықтан, барлығы жақсы, қарым-қатынасымыз да, футболшылардың құлшынысы да керемет. Көзқарастары ойдағыдай. Жұмысымыз ары қарай жүріп жатыр ақырындап», - деді Қ. Нұрдәулетов «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.
Көкшетаулық клуб 17 турдан кейін ҚПЛ турнирлік кестесінде 5-орында тұр. Келесі турда команда сырт алаңда «Жеңіспен» жолығады. Бұл бәсеке 25-шілдеге жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET