Көкшетаулық «Оқжетпестің» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов премьер-лигадағы ойындардың уақыты мен климаттық жағдайлар туралы пікірімен бөлісті.
- «Ұлытауды» ұтқан ойынан кейін ауа-райы жайлы айтып қалдыңыз... Жалпы, ҚПЛ-дегі матчтардың уақыты туралы, шілдедегі кейбір кездесулерді кішкене кешірек уақытқа қойса да болатын еді ғой?
- Иә, Қостанайға қарсы қиын ойын болды, «Ұлытауға» да ұпай керек. Олар да таласып жатыр. Бұл жерде әрине, ауа райы да бар. Ең бастысы ұпайларымызды алып жатырмыз, жеңіс бар. Жылжып жатырмыз, ең маңыздысы сол. Ал ауа райы бәріне бірдей. Оны сөздің реті келген соң айтқаным ғой, бірақ ол бір сылтау емес. Барлық команда бірдей жағдайда болған соң, амал жоқ келісеміз. Бұған да бір түсіністікпен қарау керек шығар. Енді ары қарай қалай болатынын ойындар көрсетеді. Сондықтан, жақсылыққа сеніп, тек алдыға қараймыз. Қойған мақсатымызға қарай жылжимыз. Қалай болады, дұрыс па, бұрыс па, оны тек Алла Тағала біледі. Ал өзіміз қолдан келгенше еңбектенеміз. Сіздердің порталдарыңызды пайдаланып, мына Көкшетау жұртшылығын, жанкүйерлерімізден бізге қолдау көрсетулерін сұраймыз. Барлығы керемет болады деген ойдамыз.
Көкшетаулық клуб 17 турдан кейін ҚПЛ турнирлік кестесінде 5-орында тұр. Келесі турда команда сырт алаңда «Жеңіспен» жолығады. Бұл бәсеке 25-шілдеге жоспарланған.
Біздің серіктес: FONBET