«Оқжетпес» бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов команданың жартылай қорғаушысы Серікжан Мұжықовтың өнерін бағалап, көшбасшылық қасиеттеріне тоқталды.
Маусым барысында жартылай қорғаушы көкшетаулықтар сапына «Елімайдан» ауысып келген еді.
- Серікжан Мұжықовтың командада алатын орны ерекше деп ойлаймыз!
- Әрине, Серікжанды енді бәрі таниды ғой. Сондықтан, оның тәжірибесіне, ойын деңгейіне ешқандай сұрағымыз жоқ. Аслан Дарабаев кеткеннен кейін сол деңгейдегі бір ойыншы керек болды. Аслан кетпей тұрып-ақ, Серікжанның өзімен сөйлесіп, ақылдасқан болатынбыз. «Оқжетпеске» келгені тек қана плюс. Жас жігіттер үшін пайдалы болуда. Серікжанның жай жүргенінің өзі жас футболшыларға үлгі! Бізге келгеніне қуаныштымыз.
Серікжан Мұжықов «Оқжетпес» сапында 4 ойынға қатысты. Ал «Елімай» сапында ҚПЛ-2025-те 13 ойында 3 ассисттің авторы атанды.
Біздің серіктес: FONBET