Кеше ҚПЛ-дің екінші туры асында "Жетісу" "Астанадан" 0:2 есебімен ұтылды. Матч соңында Талдықорғандык клуб бас бапкері Қайрат Нұрдәулетов ойын туралы ойын айтты.
"Меніңше жақсы бәсеке болды. Екі түрлі стиль. Қарсылас бірінші нөмірмен ойнаса, біз қорғанысқа көңіл бөлдік. Қарымта шабуылдарға иек артуды жөн санап, қимылдадық. Кей жерде ойдағыдай болса, кей моменттерде ол ойымыз іске асқан жоқ. Қорғанысты көп ойлағандай көрінген шығармыз, бірақ осылай болды. Жанкүйерлерге ұнады деп үміттенемін. Иә,"Астананың" күшін, құрамындағы футболшылардың әлеуетін ескеріп осындай шешімге келдік. Матчтағы төрешілердің жұмысы жайлы ештеңе айта алмаймын" - деді Қ. Нұрдәулетов баспасөз-мәслихатында.
Айта кетейік, "Астана" осымен 6 ұпайды қанжығалап отыр. Бірінші турда Бабаян командасы "Жеңісті" 2:0 есебімен ұтқан. Ал Талдықорғандықтар үшін бұл биылғы ҚПЛ-дегі алғашқы матч.
Біздің серіктес: FONBET