Бұған дейін ел құрамасының экс-ойыншысы 2023 жылы Талдықорған клубында қызмет жасаған болатын.
43 жастағы маман осы жылдың 15 қарашасында жұмыстан кеткен Самат Смақовтың орнын басатын болды.
“Жетісу” ұжымы Қайрат Нұрдәулетов үшін тансық емес. Себебі, жаттықтырушы екі маусым қатарынан осы команданы тізгіндеді. Оның баптауымен “Жетісу” 28 матч өткізіп, соның 6 жеңіп, 8 тең ойнап қалған 14 жеңіліп қалды.
Еске салсақ, ел құрамасының бұрыңғы капитаны бапкерлік салаға 2017 жылы алғаш рет қадам басқан еді. Александр Бородюктің көмекшісі жұмысынан тәжірибе жинаған, Нұрдәулетов соңғы үш жылда 4 бірдей команданың бас бапкері қызметін атқарды.
Біздің серіктес: FONBET