"Қайраттың" Португалиялық қорғаушысы Луиш Мата Чемпиондар лигасының бірінші турында "Спортингтен" 1:4 есебімен жеңілгеннен кейін пікір білдіріп, алдағы "Реал Мадридпен" өтетін ойынға тоқталды.
Мата алғашқы кездесу командадағы қысымды толық сейілтпегенін, бірақ Алматыдағы матчта бәрі басқаша болатынын айтты:
"Өз алаңымызда ойнау үлкен артықшылық. Мұнда жол ұзақ, биік тауда ауа да өзгеше, бұл қарсыласқа әсер етеді. Сырт алаңда оңай болмады, енді жанкүйерлердің қолдауы бізге күш береді. Әрине, қарсыласымыз "Реал", әлемдегі ең мықты клубтардың бірі. Бұл өте қиын ойын болатыны анық, бірақ оларға барынша қиындық көрсетуге дайынбыз.” – деді ол.
Біздің серіктес: FONBET