Жарнама
Жарнама

“Қайрат” ойыншысы Еуропа алпауыттарымен иық тіресті

Бүгін, 13:15

Команданың бұрынғы қорғаушысы Егор Сорокин әлемдік деңгейдегі жұлдыздарды артқа тастап, маңызды көрсеткіш бойынша үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Aladop.kz.

Жарнама
Жарнама

SofaScore порталының қорытындысы бойынша, Егор Сорокин әуедегі допқа таласта турнирдің ең үздік ойыншыларының бірі атанды. Ол 8 матчтың қорытындысы бойынша 27 рет жеңіске жетіп, бұл көрсеткішпен жалпы рейтингте екінші орынды иеленіп отыр.

Сорокин бұл тізімде "Ливерпуль" капитаны Вирджил ван Дейктен ғана бір ұпай қалып қойған. Ал "Галатасарайдың” белді қорғаушысы Давинсон Санчеспен бірдей нәтиже көрсетіп, "Арсенал” жұлдызы Микель Мерино мен "Славия” шабуылшысы Томас Чориді артқа тастады.

Еуропаның ең ірі стадиондарында, ең қауіпті шабуылшыларға қарсы тұрып, екінші қабатта үстемдік құру кез келген футболшы үшін өте қиын іс екені белгілі.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров