"Қайраттың" Израильдік жартылай қорғаушысы Офри Арад жыл соңында командадан кетіп, карьерасын Өзбекстанда жалғастыруы ықтимал, деп хабарлайды Aladop.kz.
Журналист Нарзулла Сайдуллаевның мәліметінше Өзбекстанның екі бірдей клубы 27 жастағы футболшыны қатарына қосуға нақты қызығушылық білдірген. Әзірге клубтардың атауы жарияланбағанымен, ұсыныстың ресми деңгейде талқыланып жатқаны айтылуда.
Арадтың "Қайратпен” келісімі осы жылдың соңында өз күшін жояды. Сондықтан ойыншы еркін агент ретінде жаңа клуб іздеуге құқылы.
Биылғы маусымда Израильдік футболшы Алматылық клуб сапында 36 матчқа қатысып, 1 гол соғып (Интерге қарсы), 4 нәтижелі пас берген.
Біздің серіктес: FONBET