Астана Аренада өтетін матча төрелік ететін әділ қазылардың есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Aladop.kz.
Чемпиондар Лигасының жалпы кезеңінің алтыншы, туры аясындағы "Қайрат” пен Грекиялық "Олимпиакос" командалары арасындағы матчқа қызмет көрсету құрметі Испанияның жоғары білікті төрешілер бригадасына бұйырды.
Матчтың бас төрешісі болып Испания Ла Лигасының тәжірибелі маманы Хуан Мартинес тағайындалды.
Төрешілер құрамы:
• Бас төреші: Хуан Мартинес
• Төреші көмекшілері: Рауль Кабаньеро, Иньиго Прието
• Бейнекөмекші төреші (VAR): Карлос дель Серро
• Бейнекөмекші төрешінің көмекшісі (AVAR): Хавьер Иглесиас Вильянуэва
• Төртінші төреші: Хавьер Альберола
Төрешілердің барлығы Испанияның футбол федерациясының өкілдері.
Біздің серіктес: FONBET