Бүгін, 15 шілде күні, Алматының Орталық стадионында УЕФА Чемпиондар Лигасының бірінші іріктеу кезеңі аясындағы жауапты матч өтеді.
«Қайрат» өз алаңында Словенияның «Олимпия» клубын қабылдайды. Кездесу жергілікті уақытпен 20:00-де басталады. Ойынның бас төрешісі - италиялық Маттео Маркетти. Осы орайда алматылық клуб өзінің әлеуметтік желісінде осы кездесуге билеттің толықтай сатылып кеткенін хабарлады.
Алғашқы ойын Люблянада өтіп, 1:1 есебімен тең аяқталған болатын. Алматылық команда сапынан жалғыз голды Дастан Сатпаев соқты.
Бұл матчтың жеңімпазы екінші іріктеу кезеңінде Финляндияның «КуПС» және Молдованың «Милсами» клубтарының арасындағы мықтысымен кездеседі.
Біздің серіктес: FONBET