Жарнама
Жарнама

«Қайрат» өз алаңында күтпеген жерден «Қайсармен» ұпай бөлісті

19.07.2025, 19:58

Қазақстан Премьер-Лигасының 17-тур матчында алматылық «Қайрат» өз алаңында қызылордалық «Қайсарды» қабылдап, кездесу тең нәтижемен аяқталды.

 

Жарнама
Жарнама

Чемпион кездесуді белсенді бастап, бірден шабуылға көшті. Нәтижесінде 21-минутта Рамазан Бағдат есеп ашты. Қонақтар үзіліске дейін есепті теңестіруге бірнеше мүмкіндік алғанымен, табло өзгеріссіз қалды.

Екінші таймның басында Бағдат айып алаңында өрескел ереже бұзып, алаңнан қуылды. Бұл сәттен кейін «Қайсар» шабуылын үдетіп, 54-минутта Марлен Айманов пенальтиден есепті теңестірді.

Ойынның қалған бөлігінде екі команда да жеңіс голын соғуға тырысқанымен, командалар есепті 1:1 есебімен аяқтады.

«Қайрат» — «Қайсар» 1:1 (1:0)

Голдар: Бағдат 21 (1:0), Айманов (пен.) 54 (1:1)

Алаңнан қуылған: Бағдат 53

Бұл нәтижеден кейін «Қайрат» 37 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында қалды. Ал «Қайсар» 14 ұпаймен 10-орында тұр.

 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров

Материалда: