Жарнама
Жарнама

«Қайрат» өз алаңындағы үш матчта қанша ұпай алуы мүмкін? Сарапшылар әділ бағасын берді

02.10.2025, 10:42

Танымал бапкер Болат Есмағамбетов «Қайраттың» ЧЛ жалпы кезеңіндегі өз алаңында өтетін матчтарына тоқталып, болжамын айтты.

"Қайррат" - "Реал" кездесуі
Жарнама
Жарнама

«Меніңше, «Пафос», «Олимпиакос» пен «Брюгге» футболшыларының деңгейі шамалас. Бір дәрежедегі командалар ғой. Сондықтан, оларды ұтып, 3 ұпай алатын мүмкіндік бар. Барлығымыз білеміз, «Қайрат» мұндай клубтармен өз алаңында жақсы өнер көрсетеді. «Спортинг» пен «Реалдан» кейін «Интер» мен «Арсенал» күтеді. Түсінікті, бұл үлкен командалар. Оларға тегеурін таныту өте қиын болады. Ал мыналардың «Қайраттан» асып бара жатқан ештеңесі де жоқ. Алматылықтармен бір деңгейде деп есептеймін. Олардан ұпай алуға болады, ал нақты қанша ұпай қанжығалауы мүмкін, ол енді басқа мәселе», - деді Б. Есмағамбетов «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.

«Қайрат» 21-қазанда кипрлік «Пафосты» қабылдайды. ЧЛ жалпы кезеңінде тағы грекиялық «Олимпиакос» пен бельгиялық «Брюггені» де Алматының «Орталық» алаңында күтпек.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров