Жарнама
Жарнама

“Қайрат” пен “Астананың” экс-ойыншысы өнер көрсететін команда қарсыласын еш қиындық көрмеді

Армениялық “Арарат” клубы Конференция Лигасы аясында молдовалық Зимбру ұжымын өз алаңында 3:1 есебімен жеңді (3:0 алғашқы матч).

Жарнама
Жарнама

Алаң қожайындары сапынан бұл матчта Тентон, Серобян (пенальти) және Дуарте гол соғып, Ереван қаласындағы стадионға жиылған жұртты қуантты. Ал қарсылас 3 голға тек 1 жауап қатты. Джастис Охаджунва мергендігімен көзге түсті.

Айта кетейік, “Арарат” командасында “Астана” мен “Қайратта” доп тепкен Камо Оганесян доп тебеді. Қос ұжымды қосқанда қорғаушы барлық турнирлерде 100-ден астам ойын өткізіп, 8 гол мен 17 голдық пас берді. Аталған ұжымдардан бөлек, Камо Премьер-лигада “Жетісу” намысын қорғады.

Армениялық команда келесі кезеңде “Днепр 1” командасын техникалық жеңіліспен жеңген венгриялық “Пушкаш Академиге” қарсы өткізеді. 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров