Қазақстан Премьер лигасының 25-туры аясында Петропавлда өткен кездесуде "Қайрат" сырт алаңда "Қызылжарды" 1:0 есебімен жеңді.
Матч тағдырын шешкен жалғыз голды Дастан Сәтпаев алғашқы таймның соңына қарай, 42-минутта соқты. Бұл соққы Aлматылықтарға маңызды үш ұпай әкелді.
Ойын тартысты өткенмен, алаң иелерінің қатесі мен тәртіпсіздігі кездесудің нәтижесіне әсер етті. Арсен Буранчиев 68-минутта қызыл қағаз алып, "Қызылжарды” он ойыншымен қалдырды.
Тәртіп бұзғандар қатарында Тохтар Жаңғылышбай (32’), Анатолий Козленко (79’) және Нене Гбамбле (90+2’) сары қағазбен ескерту алды.
Бұл жеңіс "Қайратқа” турнирлік кестеде өз орнын нығайтуға көмектесті, ал "Қызылжар” өз алаңындағы сәтсіз нәтижеден кейін төменгі аймақта қалып отыр.
Біздің серіктес: FONBET