Жарнама
Жарнама

“Қайрат” Португалияда тарих жазуға дайын ба? Мата отанынан Қазақстанға ұпаймен қайтуды армандауда

16.09.2025, 08:35

Алматылық "Қайраттың" Португалиялық қорғаушысы Луиш Мата Чемпиондар лигасындағы дебюттік матч алдында пікір білдірді. Команда 19 қыркүйекке қараған түні Лиссабонда жергілікті "Спортингпен" кездеседі.

Жарнама
Жарнама

"Бұл – мен үшін де, команда үшін де өте ерекше әрі маңызды ойын. Өйткені бұл біздің Чемпиондар лигасындағы алғашқы матчымыз. Мен және Жоржиньо үшін бұл кездесу тіпті маңыздырақ, туған жеріміз Португалияда өтеді. Бұл күнді мәңгі есте сақтаймын. Үміттенемін, біз "Қайрат” үшін ұпай аламыз. Егер солай болса, дебют нағыз тарихи сәтке айналады." – деді Мата.

Сонымен қатар қорғаушы “Спортинг” туралы атап өтті:

"Біз Португалияның соңғы екі маусымдағы чемпионымен ойнаймыз. "Спортингтің” құрамында ұлттық құрама ойыншылары көп. Бұл біз үшін үлкен сынақ болады. Бірақ Чемпиондар лигасында ойнағың келсе үздіктермен кездесуге дайын болуың керек.” – деп қосты футболшы.

– ASNews.kz

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров