Жарнама
Жарнама

«Қайрат» президенті: Анарбековке қатысты ұсыныстар болды

Бүгін, 11:42

«Қайрат» футбол клубы бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Темірлан Анарбековтің мансабына байланысты ойын ортаға салды.

Темірлан Анарбеков
Жарнама
Жарнама

Отандық менеджер сондай-ақ, 23 жастағы қақпашының Еуропа клубына ауысу мүмкіндігі жайлы пікірін білдірді.

«Анарбековке қатысты ұсыныстар болды. Алайда олардың ешқайсысы клубымыздың амбициясына сай келмеді. Біз ресми түрде түскен ұсыныстарды ғана қарастырамыз. Ал нақты негізі жоқ нұсқаларды талқыламаймыз да. Егер қандай да бір клуб Анарбеков бойынша ресми ұсыныспен келсе, біз оны міндетті түрде қарастырамыз. Бірақ біз үшін Темірланның мықты чемпионатқа, деңгейі жоғары клубқа ауысуы маңызды», - деді Қайрат Боранбаев.

Темірлан Анарбеков былтыр Қазақстан ұлттық құрамасы сапында дебют жасап, екі матч өткізді. Ал «Қайрат» жейдесінде Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіндегі кездесулерде жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров