30 қыркүйек – Қазақстан футболы үшін есте қаларлық күн болмақ. Алматыда “Қайрат” алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде әлемнің ең танымал клубтарының бірі – Мадридтік “Реалға” қарсы алаңға шығады.
“Реал Мадрид” бас бапкері Хаби Алонсо Алматыдағы Чемпиондар лигасы матчына алдында үлкен сынаққа тап болды, команда қорғаныста кадрлық дағдарысқа ұшыраған.
Сенбі күнгі Мадридтік дербиде (2:5) “Реал” бірден бірнеше негізгі қорғаушыларсыз ойнады. Трент Александер-Арнольд, Антонио Рюдигер және Ферлан Менди жарақатына байланысты алаңға шыққан жоқ. Оған қоса, матч кезінде Дани Карвахаль мен Эдер Милитао да жарақат алып, қатардан шықты.
Карвахаль шамамен төрт аптаға дейін ойыннан тыс қалады, ал Милитаоға қосымша тәуекел жасалмайды, ол “Метрополитанода” алған тобық жарақатынан толық айығып үлгермеген.
Осыған байланысты Алонсо 23 қыркүйекте “Леванте” (4:1) клубына қарсы ойында шыққан қорғаныс төрттігін сақтап қалуы мүмкін. Бұл жағдайда:
Рауль Асенсио мен Фран Гарсия – фулбэк рөлінде, Альваро Каррерас орталық қорғаушы позициясына ауысып, Дин Хёйсенмен жұп құрайды.
Бұл шешім қабылданса, Федерико Вальверде мен Орельен Чуамени жартылай қорғауда қала береді және қорғауға көмекке түспейді.
Алонсо Джуд Беллингемді де сақтықпен қолдануы мүмкін. Ол жақында иық операциясынан кейін алғаш рет негізгі құрамда шыққан еді. Беллингем демалса, Арда Гулер шабуылдаушы жартылай қорғаушы рөлін атқарады. Қанаттарда Франко Мастантено мен Винисиус Жуниор, ал шабуылдың ортасында маусым басында-ақ 8 ойында 10 гол соққан Килиан Мбаппе ойнауы ықтимал.
“Реалдың” ықтимал негізгі құрамы:
Қақпашы: Куртуа
Қорғаушылар: Асенсио – Хёйсен – Каррерас – Гарсия
Жартылай қорғаушылар: Вальверде – Чуамени
Шабуылшылар: Мастантено – Гүлер – Винисиус
Форвард: Мбаппе
Біздің серіктес: FONBET