Жарнама
Жарнама

«Қайрат» - «Реал»: Испаниядан қанша жанкүйер келуі мүмкін?

12.09.2025, 12:12

Алматыға «Реалдың» мыңнан аса жанкүйері келетін болды.

"Реал" Мадрид ФК футболшысы
Жарнама
Жарнама

«Қайраттың» базасында ЧЛ кездесуінің қарсаңында көлемді жиын өткен. Кездесу барысында Испания Корольдігінің Қазақстандағы елшісі Луис Франсиско Мартинес Монтес клуб инфрақұрылымымен танысып, Алматыдағы базаны жоғары бағалап, «Қайраттың» спорттық нысандары Еуропаның жетекші клубтарымен тең екенін тілге тиек етті. Елшінің сөзінше, өз командасын қолдау үшін Испаниядан мыңнан аса жанкүйер Алматыға арнайы ат басын бұрмақшы. Олар 6500 шақырымнан астам жолды еңсеріп, сүйікті клубтарына қолдау жасамақ. Испания елшілігі «Реал» жанкүйерлеріне консулдық қолдау көрсетуге дайын екенін де мәлімдеген болатын.

Айта кетейік, ЧЛ 2-туры аясында Алматыда «Қайрат» - «Реал» Мадрид кездесуі өтеді. Билетттер сатылымға 20-қыркүйекте шығады деп мәлім етілген болатын.   

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров