30 қыркүйек күні Тимур Сегізбаев атындағы академия алаңында УЕФА Жастар лигасының екінші тур ойыны өтеді.
«Қайраттың» жастар құрамасы (U-19) мадридтік «Реалдың» құрдастарын қабылдайды.
Кездесудің басталуы 12:00-ге жоспарланған. Арена сыйымдылығының аздығына (бар болғаны 250 орын) байланысты клуб матчты жабық форматта өткізу туралы шешім қабылдады.
Ойынға тек «Қайрат» өкілдері, академия бапкерлері, ойыншылардың ата-аналары және аккредиттелген журналистер ғана кіре алады.
Ал Чемпиондар лигасының «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы сол күні, 30 қыркүйекте, сағат 21:45-те Алматының Орталық стадионында өтеді.
Біздің серіктес: FONBET