Тарихи кездесуге қос команда да негізгі құрамын жариялады.
"Реал Мадрид” сапында жұлдыздар толық бой көрсетті.
Қақпада – Тибо Куртуа. Қорғаныс шебінде – Асенсио, Хёйсен, Алаба және Фран Грасия. Орталық алаңда тәжірибелі Тчуамени, Себальос және Арда Гүлер өнер көрсетеді. Жас Аргентиналық талант Мастантүоно алғашқылардың қатарында шықса, шабуыл желісін Винисиус Жуниор мен Килиан Мбаппе бастап тұр.
"Қайраттың” негізгі құрамында қақпаны жас қақпашы Шерхан Қалмұрза. Қорғаныста – Тапалов, капитан Александр Мартынович, Сорокин және Луиш Мата. Ортада – Мрынский, Қасабулат пен Арад. Ал шабуылға жақын аймақта Храмыко, Жоржиньо және қазақстандық жас талант Дастан Сатпаев өнер көрсетеді.
Біздің серіктес: FONBET