Жарнама
Жарнама

“Қайрат” – “Реал” матчы: Алматыда қауіпсіздік шаралары күшейтіледі

09.09.2025, 13:05

30 қыркүйекте Алматыда өтетін "Қайрат" пен Мадридтік "Реалдың" кездесуі алдында қалада қауіпсіздік шаралары ерекше бақылауға алынды. Polisia.kz мәліметінше, тәртіпті қамтамасыз ету үшін 2,5 мыңнан астам полиция қызметкері мен ҚР ІІМ Ұлттық гвардиясының 300 әскери қызметкері жұмылдырылмақ.

Жарнама
Жарнама

Құқық қорғау органдарының басты міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау, жанкүйерлер мен ойыншылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ көлік қозғалысын реттеу. Әсіресе Орталық стадион маңында көлік қозғалысына уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін. Сол себепті қала тұрғындарына алдын ала бағыттарын жоспарлап, уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарау ұсынылды.

Полиция өкілдері жанкүйерлерді күмәнді интернет-платформалардан немесе жеке адамдардан билет сатып алмауға шақырды. Бұл – алаяқтықтың алдын алу үшін жасалған ескерту.

Алматы қаласы Полиция департаменті жанындағы жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Серік Шұмаев:

“Қауіпсіздік тек полицияға ғана емес, әр жанкүйердің саналы әрекетіне байланысты. Біз бар күшімізді салып, спорт мерекесін қауіпсіз әрі жайлы өткізуге тырысамыз.” – деп атап өтті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров