Жарнама
Жарнама

“Қайрат” – “Реал” матчының билет бағасы бір айлық жалақыдан да қымбат….

24.09.2025, 22:00

Танымал Испандық БАҚ Қазақстандағы билет бағасын халықтың орташа жалақысымен салыстырды.

 

Жарнама
Жарнама

AS басылымы Алматыда өтетін Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің екінші турындағы "Қайрат” – "Реал" матчы төңірегіндегі дүрлігуді талқылады.

"Сейсенбі күні "Реал" Алматыда "Қайратқа” қарсы Чемпиондар Лигасының топтық кезеңінің екінші тур ойынын өткізеді. Бұл ойын тек Қазақстандық клуб үшін ғана емес, бүкіл турнир үшін тарихи оқиға болмақ. Әлемдік жұлдыздар – Килиан Мбаппе, Винисиус, Джуд Беллингем, Арда Гүлер және Хёйсенмен өтетін кездесу Алматыда үлкен қызығушылық туғызды. Мадридтен 8 000 шақырымнан астам қашықтықта, Қырғызстан мен Қытай шекарасына жақын орналасқан қала бүкіл футбол Еуропасының назарында қалды.

Онлайн-билет сатылымы басталған бойда елде үлкен дағдарыс орын алды. "Қазинформ” агенттігінің деректеріне сәйкес, бір мезгілде шамамен 80 000 адам билет алуға тырысқан, әр сатып алушыға бар болғаны екі билеттен ғана сатылды. Серверлер жүктемеге шыдамай бірнеше рет істен шықты. Әлеуметтік желілерде жанкүйерлер жаппай шағымданды. Ойынға деген қызығушылық Алматының 23 000 адамға есептелген Орталық стадионының сыйымдылығынан үш есе көп болды.

Қосымша наразылық тудырған жайт – билет бағасының қымбаттығы: ең арзаны 30 000 теңге (шамамен 47 еуро), ең қымбаты 250 000 теңге (шамамен 400 еуро) болды. Қазақстандағы ең төменгі айлық жалақы шамамен 100 000 теңге (155 еуро) екенін ескерсек, бұл көптеген жанкүйер үшін тым қымбат баға болып шықты. Дегенмен, мұндай баға саясаты Чемпиондар Лигасының стандарттарына сәйкес келеді. Маусымдық абонемент иелеріне билеттерді алдын ала және жеңілдетілген бағамен сатып алу мүмкіндігі берілді.” – деп жазады басылым.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров