Алматыда өтетін тарихи матчқа билет дауы басталып кетті. Желіде пайда болған ақпаратқа сәйкес, "Қайрат" – "Реал" кездесуінің билет құны 4,3 миллион теңгеге дейін жеткен. Бұл көптеген жанкүйерлер үшін шектен тыс баға.
Бұл деректі Sports.ru жариялаған. Бірақ Қазақстандық Offside.kz редакциясы тексеріс жүргізіп, онлайн-платформаларда дәл осындай қымбат билеттерді сатушыларды таба алмағанын жазды.
Футбол қоғамдастығы бұл хабарды қызу талқылап жатыр. Біреулер мұны бағаны әдейі көтеру үшін жасалған ақпараттық манипуляция десе, енді біреулер шынымен де алыпсатарлар пайда табу үшін осындай баға сұрауы мүмкін деп қауіптенуде.
Қалай болғанда да, ресми сатылым басталғанша нақты баға белгісіз. Бірақ жанкүйерлердің басым бөлігі клуб басшылығынан бұл мәселе бойынша түсініктеме күтуде. Өйткені тарихи матчты көруге әрбір Қазақстандық жанкүйер мүмкіндік алғысы келеді.
Біздің серіктес: FONBET