Жарнама
Жарнама

“Қайрат” “Реалға” қарсы өтетін матч билеттеріне қатысты ресми мәлімдеме жасалды

31.08.2025, 16:00

Алматылық "Қайрат" клубының баспасөз қызметі  "Реалға" қарсы өтетін ойынның билеттеріне қатысты ресми мәлімдеме жасады.

Жарнама
Жарнама

Клуб жанкүйерлерден жалған ақпаратқа сенбеуді және тек "Қайраттың" ресми дереккөздеріне жүгінуді сұрады.

"Әлеуметтік желілерде таратылып жатқан УЕФА Чемпиондар лигасының "Қайрат” – "Реал Мадрид” матчының билеттерін сату немесе брондау жөніндегі хабарламалар шындыққа жанаспайды және алдауға бағытталған.

Билеттерге қатысты жалғыз ресми ақпарат көзі клубтың ресми сайты мен әлеуметтік желідегі ресми аккаунттары. Қазіргі таңда билеттердің сатылымға шығу мерзімі мен баға саясаты әлі анықталған жоқ. Жанкүйерлерден ресми емес хабарландыруларға сенбеулерін және бейресми арналар арқылы сатып алулар жасамауларын қатаң түрде сұраймыз.” – делінген мәлімдемеде.

"Қайрат" – "Реал” матчы 30 қыркүйекте “Орталық” стадионда өтеді.
 

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров