33 жастағы ресейлік қорғаушы Марио Фернандес алматылық “Қайрат” сапын толықтыруы мүмкін.
Марио Фернандес бразиялық “Сан-Каэтану” командасының түлегі. Аталған ұжымда өзің жақсы қырынан көрсеткен қорғаушы “Гремиомен” келісімшартқа отырады. 2012 жылы Фернандес мәскеулік ЦСКА сапына шақыртылып, онда 2022 жылға дейін доп тебеді. Сөйтіп бір жылдан кейін өзінің тарихи отанындағы “Интернасьоналға” барып қайтады. 2023 жылдың жаз айында Марио мәскеулік ЦСКА командасының басты жауы петерборлық “Зенитпен” келісімге келеді. Бір маусымнан кейін қос тараптың мақұлдауымен ойыншы командадан кетіп, еркін агент атанады.
Еске салсақ, Фернандес Ресей құрамасы сапында жалпы алғанда 33 ойын өткізіп, 5 гол соққан.
Transfermarkt 33 жастағы футболшыны 1,50 млн еуроға бағалайды.
Біздің серіктес: FONBET