Жарнама
Жарнама

«Қайрат» сапынан академияның екі түлегі кетті

Алматының «Қайраты» тағы да екі шәкіртімен келісім-шартын тоқтатты. Клуб академиясынан шығып, негізгі құрам ойыншысы болған Вячеслав Швырев пен Арсен Буранчиев әлеуметтік желіде команда басшылығына алғысын білдіріп, ұжыммен қош айтысты.

Жарнама
Жарнама

Биыл Қазақстан Премьер-Лигасында топ жарған алматылықтар келер жылы Чемпиондар лигасында ел намысын қорғайды. Сондықтан, Қайрат Боранбаев команда стратегиясын өзгертіп, алдағы маусымда өз шәкірттеріне емес легионерлерге көп сенім артатын сияқты. Чемпионат бітісімен қазақстандық ойыншылар клуб құрамынан жаппай кетіп жатыр. Еркебұлан Сейдахметтің ізімен Вячеслав Швырев пен Арсен Буранчиев «Қайраттан» кетті. Қақпашы Вадим Устименко да басқа команда қарастырып жатқаны белгілі. Швырев әлеуметтік желідегі парақшасында: «Достар, өзімнің үлкен отбасымдай болған «Қайратқа» алғыс айтқым келеді. Осы клубта өткізген 9 жыл ішінде мен кәсіби шеберлігімді шыңдап, футболшы ретінде қалыптастым. Жастайымнан келіп, клуб базасының қабырғасында өсіп, «Қайрат» менің жанұяма, үйіме айналды десем қателеспеймін. Өзімнің туған командаммен Қазақстан чемпионы және ел Кубогын жеңіп алғанымды мақтан тұтамын. Осы ретте, Қайрат Советайұлы Боранбаевқа, бапкерлер құрамына, дәрігерлерге, командаластарыма, барша қызметкерлерге, әсіресе мені жаттықтырған, маған футболды үйреткен жандарға ерекше алғысымды білдіремін! Және бізді әрқашан қолдаған алматылық жанкүйерлерге үлкен рақмет! Алға, Қайрат!» деп тілек білдіріпті.

Жарнама
Жарнама

Новости партнеров