Танымал бапкер Асқар Қожабергенов «Аладоп.кз» сайтына сұқбат беріп, «Қайрат» - «Реал» кездесуін қортындылады.
Сондай-ақ, белгілі маман алматылық клубтың сапында ерекше көзге түскен футболшы туралы да пікірімен бөлісті.
«5 гол жіберген команданың қорғаушыларын мақтау қиын. Бірақ, бес голдың кіруі тек қорғаушылардың ойынына байланысты емес. Мұнда жартылай қорғаушылардың да қатысы бар. Жеке өз басым бұл матчта жас қақпашы Шерхан Қалмұрзаны атап өткім келеді. Кірген голдардың ешқайсысында оның қателігі болған жоқ. Оларды тойтару, қақпасын аман алып қалу өте қиын болды. Ең бастысы өлшеусіз тәжірибе алды. Өзінің болашағына, мансабына керек болатыны анық, бір кәдесіне жаратады. Сондықтан, бұл бәсекеде тек Шерханның өнері жайлы айтуға болады», - деді белгілі бапкер «Аладоп.кз» сайтына берген сұқбатында.
Енді «Қайрат» осы айдың ортасында кипрлік «Пафосты» қабылдайды.
Біздің серіктес: FONBET